Жаңалықтар

Геология комитетінің төрағасы қызметіне жаңа басшы тағайындалды

Талғат Сәтиев Геология комитетінің төрағасы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

«ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Талғат Бақтиярұлы Сәтиев Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.

Талғат Сәтиев 1973 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Семей геологиялық барлау техникумын, В. И. Ленин атындағы Қазақ ұлттық политехникалық институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша техник-геофизик, тау-кен инженері.

Еңбек жолын 1992 жылы Семей қаласындағы полигонға қызмет көрсету бойынша жұмысшы болып бастаған. Семей қаласындағы «Шығысқазжерқойнауы» мемлекеттік мекемесінің жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі Семей инспекциясында түрлі лауазымдары атқарған. 2013 жылдан бастап 2014 жыл аралығында Өскемен қаласындағы «Шығысқазжерқойнауы» Геология департаментінің басшысы қызметінде болды.

2014 жылдан бастап 2019 жыл аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.