Жаңалықтар

«Сөйле» қазақ тілінде тілдесу клубтары ашылды

Еліміздің 12 өңірінде тегін қазақ тілі курсы ашылды. «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері «Менің елім – менің тілім» республикалық жобасы аясында «Сөйле» тілдесу клубының жиынын өткізуде, деп newsroom.kz хабарлайды.

«Жастар Рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаев бір аптаға жетер-жетпес уақытта жастар қанатына азаматтардан 3 мыңнан астам өтінім келіп түскенін атап өтті.

«Сабақ аптасына бір рет өткізіледі. Ал біз бұл клубтардың жұмысын үйлестіреміз. Қазақ тілін меңгергісі келетін адамдардың бәріне бірдей мүмкіндік беру қажет. «AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасында жазылғандай, тіліміздің мәртебелі және қажетті қатынас құралына айналуына тікелей мүдделіміз. Тіл үйрену – тиімді әрі қол жетімді болуы керек. Мемлекеттік тіл қазақ қоғамын біріктіретін күшке айналуы тиіс», – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тіл үйренушілерге жай ғана ынта танытқан мұғалімдер емес, жаңашыл әдістерді меңгерген мамандар сабақ береді.

«Тілді тиімді әдіс бойынша үйретеміз. Біз тек сабақ өткізіп қана қоймай, театр, қазақ фильмдерінің көрсетілімі сынды мәдени орындарда ұлттық мәдениетпен таныстыруды көздейтін түрлі іс-шара ұйымдастырамыз. Қатысушыларымыз тек тіл үйреніп қана қоймай, қоғамдастығымыздың бір мүшесі болғанын қалаймыз. Қатарымызға барынша көп адам қосылып, қазақ тілін үйренушілердің саны артса екен дейміз», деді Яков Федоров есімді белгілі блогер.

Клуб отырысы «Жастар Рухының» Астана, Алматы қалаларында және Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы филиалдарында өтеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.