Жаңалықтар

Канадалық қазақтар Әділетті Қазақстанды қолдаймыз депті

Қазақ мәдениеті орталығында Қазақстан Елшісі А.Камалдиновтің Канададағы қазақ диаспорасының белсенділерімен кездесуі өтті, деп newsroom.kz хабарлайды ҚР Канадағы елшілігіне сілтеме жасай отырып.

Іс-шараға Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау қорытындылары және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың кең ауқымды реформаларын іске асыру, сондай-ақ Елшілік жұмысының басым бағыттары туралы, оның ішінде шетелдегі қандастарды қолдау мәселелері арқау болды.

Өз сөзінде ҚР-дың Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов қатысушыларды мерзімінен бұрын президенттік сайлаудың қорытындылары және Президент Қ.Тоқаевтың «Әділ Қазақстан: барлығына және әркімге. Қазір және мәңгі» сайлау алдындағы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының негізгі басымдықтары туралы хабардар етті.

Қазақ диаспорасы елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды қолдап, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және халықаралық аренада елдің беделін нығайтуға өз үлесін қосуға дайын екендігін білдірді.

Диаспора өкілдері қазақ мәдениеті орталығына Мұхтар Әуезовтің «Америка әсерлері» кітабын және Дінмұхамед Қонаев туралы альбом кітабын сыйға тартып, Торонто қ. Қазақ әдебиеті кітапханасын құруды бастады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.