Жаңалықтар

Түркістанда «OPEN TURKISTAN YOUTH» атты жастар форумы бастау алды

Фото: Пресс-служба акима Туркестанской области

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістанда «OPEN TURKISTAN YOUTH» атты жастар форумы бастау алды, ал шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і ұйымдастырды деп жазады newsroom.kz.

Форумға Қазақстан және Өзбекстан Республикасының жастары, Түркістан облысының белсенді жастары қатысты.

Форумға Өзбекстан Республикасының туризм және мәдениет министрінің кеңесшісі Лола Рахманбаева, Жастар қызметкерлері қауымдастығының бас маманы Тимур Искаков арнайы келіп, құттықтады. Ауыл вайнері, жастар белсендісі Бақыт Жандос, блогер Бағдаулет Жаманқұлов қонақ болды. Жастармен түрлі тақырыпта сұрақ-жауап алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Жастар форумы 6 бағыт бойынша: Білім, Этносаралық қатынас, Экология, Қаржылық сауаттылық, Еңбек идеологиясы, Патриоттық салалар аясында өткізілді.

Білім бағыты бойынша – спикер Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ерасыл Төлебаев болса, этносаралық қатынас бойынша республикалық Чернобыль ардагерлері Кеңесінің Төрағасы Бақытжан Әшірбаев лекция оқыды. Экология тақырыбында Сырдария-Түркістан МӨТП ғылыми қызметкері Ғани Назарбек, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ биология кафедрасының аға оқытушысы Нұрлан Толбаев жастарға дәріс оқыды. Қаржылық сауаттылық бойынша BQM компаниясының негізін қалаушы, жас кәсіпкер, мотиватор Ақжол Талғатұлы, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің офицері Гүлзия Қарсыбай ашық әңгіме өрбітсе, еңбек идеологиясы тақырыбы «OSST-tur» туристік компаниясының атқарушы директоры Төрәлі Сыздықов пен «Dailyfood.kz» тағам желісінің директоры Сангина Абдурахманованың еншісінде болды. Патриоттық бағытта қоғам белсендісі, волонтер Олжас Мамыр спикер болды.

Форум қатысушылары салалы панельдік сессияларға бөлініп, жастар арасындағы ауқымды мәселелерге тоқталып, пікір алмасты. Форумда түйген ойларын жергілікті аймақтарында көтеріп, форум соңында конкурсқа қатысатын болады. Сондай-ақ, барша қатысушы жастарға видео, мобилография және фотография түсіру өнері бойынша «Adilet art school» мектебінің негізін қалаушы Әділет Рахметолла, Сергей Алексеенов мастер-класс сабақтарын өтті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.