ЖаңалықтарМедицина

Коронавирус балаларда кавасаки синдромын қоздыруда

1
(1)

Коронавирус қоздыратын «Кавасаки» синдромына балалар жиі ұшырауда. Бұрын-соңды естімеген дертке елімізде биыл 30-ға жуық бала шалдыққан. Күні кеше шымкенттік 5 жасар бүлдіршін аталған аурудың қармағына ілініпті. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Ата-ана нені білуі керек?

Кавасаки синдромының алғашқы белгілері мен салдары туралы NewsRoom.kz. порталы  «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде ковидтен де қауіпті саналатын «Кавасаки» тәріздес синдром балалар арасында таралуда. Сандарға сенсек, биыл 28 бүлдіршіннен белгісіз дерт анықталған. Оның үшеуі қайғылы жағдаймен аяқталыпты.

Әлі толық зерттелмеген «Кавасаки» тәрізді синдромның негізгі белгілеріне тоқталсақ. Дәрігерлердің сөзінше, ең әуелі балада 2-3 күн дене қызу көтеріледі, аяқ-қолдарында бөртпелер пайда болады. Одан қалды, әлсіздік байқалып, көзі іріңдеп, қабынуы мүмкін.

«Кавасаки» дегеніміз – вирус тудыратын ауру. Қазіргі кезде жиілеп кетті. Алғашқы белгілері температура, қызуды басу көнбейді, ұзақ уақыт сақталады. 39-40 градус»,- педиатр-дәрігер Сымбат Мұратова.

Шымкентте әбден әлсіреген, денесі бөрткен, буындары ауырған 5 жасар бүлдіршін тамыз айының басында ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Дәрігерлер оның өмірмен екі апта арпалысқанын айтады. Абырой болғанда, бала құлан-таза айығып шығыпты.

«Шілде айының 30-да науқас бала, 5 жасар науқас ауруханада жатты. Шағымы – температура көтерілуі, буындарының ісуі, бөртпелер шығуы, әлсіздігі, тәбетінің төмендігі. Бала бес күн реанимацияда болды, дер кезінде арқасында жағдайы жақсаруымен болды»,-дейді қалалық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Қаламқас Даумбаева.

Мамандардың сөзінше, «Кавасаки» синдромын тек коронавирус қана емес, өзге де инфекциялар қоздыруы мүмкін.  Сондай-ақ, естімеген дертке көбіне 2-7 жастағы балалар жиі шалдығады екен.

«Балада қосымша белгілі ауру болса, созылмалы аурулары болса, асқынады. Бұрыннан келе жатқан ауру. Бірақ өте сирек кездеседі. Себептері де әртүрлі. Қазір жиі кездесетіні – «Кавасаки синдромы»,-дейді педиатр-дәрігер Сымбат Мұратова.

Қысқасы, бұл вирус иммунитеті мықты, дұрыс тамақтанатын балаларға жоламайды. Сол себепті, жеткіншектерді қолды жиі жуып жүруге, бетперде тағуға баулып, таза ауада серуендету керек. Вирусолог мамандардың кеңесі осындай.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button