Жаңалықтар

«Әлемдегі бақытты елдер рейтингінде» Қазақстан Ресейді басып озды

3.3
(7)

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2012 жылдан бері бақытты елдердің рейтингін жариялап келеді. World Happiness Report деп аталатын тізімде Қазақстан да бар. Биыл бұл рейтингте 4 саты жоғарылаған, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Massaget.kz-ке сілтеме жасап .

Бақытты елдер рейтингін түзуде түрлі факторлар назарға алынады. Олардың қатарында халықтың өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік көмек, сыбайлас жемқорлық, өмірлік маңызды шешімдер қабылдаудағы еркіндік дәрежесі, ішкі өнімнің тұрғындарға қолайлылығы және т.б. бар.

4 сатыға жоғарылаған Қазақстан 36-орынға табан тіреген. Ал бақытты елдер көшін төртінші жыл қатарынан Финляндия бастап тұр. Одан кейін Исландия, Дания, Швейцария, Нидерланд, Швеция, Германия, Норвегия, Жаңа Зеландия және Австрия орналасқан.

Әлемдегі алпауыт ел саналатын АҚШ 14-ші, Қытай 52-ші, ал Ресей 60-шы орынға жайғасқан.
Рейтинг соңында Зимбабве мен Танзания елі тұр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.3 / 5. Бағалар саны: 7

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button