ЖаңалықтарМәдениет/Тарих

Қазақтан шыққан тұңғыш генералдардың бірі Б.Байтасов 100 жаста

5
(2)

100 жыл бұрын (1921-1995) әскери қайраткер, кеңестік кезеңде қазақтан шыққан генералдардың бірі және генерал-майор Баһадүрбек Байтасов дүниеге келді. Қазіргі Түркістан облысы, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Ленинград әскери-шекара училищесін, КСРО ІІМ Әскери институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1946-1950 жылдары – Тәжік шекара округі Термез шекара отрядының кіші офицері.

1954-1960 жылдары – Қырғызстандағы шекара отрядының аға офицері, штаб бастығының орынбасары.

1960-1962 жылдары – Семей облысындағы Бақты шекара отрядының штаб бастығы.

1962-1968 жылдары – Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан шекара отрядының бастығы.

1968-1971 жылдары – Шығыс шекара округі штабы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

1971-1987 жылдары – Республикалық ДОСААФ Орталық комитетінің төрағасы болды.

Ол халқымыздың қаһармандық ерлік салты мен дәстүрін насихаттауда, жастарды отан сүйгіштік рухта тәрбиелеуде үлкен еңбек сіңірген.

1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. «Еңбек Қызыл Ту», «Қызыл Жұлдыз», 1-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button