ЖаңалықтарҚоғам
Атамқұлов азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына тек бір-ақ рет қатысатынын мәлімдеді
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов қазақстандықтар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына тек бір-ақ рет қатыса алатынын айтты.
Министрдің айтуынша, «Отбасы банкі» базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылады. Ол тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алуды, сондай-ақ тұрғын үйдің қолжетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді кезекке қою күні бойынша бөлуді бір орталықтандырып жүзеге асыратын болады.
– Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланады. Базаға қайта енгізуге жол берілмейді, азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады, – деді үкімет отырысында Бейбіт Атамқұлов.