Жаңалықтар

Петропавлдағы газ жарылысынан қайтыс болғандар туралы ақпарат шықты

СҚО полиция департаменті Петропавлда болған жарылыстан зардап шегушілер туралы ақпаратты жариялады.

Полиция департаментінің хабарлауынша, газ баллон 5 қабатты жатақхананың бірінші қабатында орналасқан «Қара жорға» дәмханасында жарылған. Жарылыс кезінде дәмхана ішінде оны жалға алушы жігіт, 3 жұмысшы және  тамақ ішуге келген 4 адам болғаны анықталды.

Жарылыстан дәмхананың 1999 жылғы қызметкері қайтыс болды. Оның денесі өрт сөндірілгеннен кейін үйіндінің астынан шығарылған.

Ал дәмхананы жалға алған 1996 жылы туған ер адам қатты күйік шалып6 Петропавлдағы қалалық көпбейінді ауруханада  қайтыс болды.

Еске сала кетейік, Петропавлда 21 ақпан күні 5 қабатты жатақханада газ баллон жарылып, 2 адам қайтыс болған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.