Жаңалықтар

Жамбыл облысында әскердегі сарбаз асулы күйінде табылды

Жамбыл облысында тағы бір жауынгердің денесі табылды. Оқиға 19 тамызда болған. Stan.kz ақпарат агенттігі дереккөздеріне сүйене отырып, бұл жөнінде белсенді Бибігүл Рамазанның Facebook парақшасында жазды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Биыл көктемде әскерге шақырылған 18 жастағы Бекбол Мираш Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында туып өскен.

Сол жерден әскерге шақырылған.

Қоғам қайраткері Бибігүл Рамазан 19 тамыз күні сағат 21:40-та сарбаздарды сапқа тұрғызу үшін жинағаны, Бекбол Мираштың келмегені айтылған құжат жариялады.

Сондай-ақ, Бекбол Мирашты іздеуге қатардағы жауынгер жіберілгені, ол он минуттан кейін жігітті «асылған күйі» тапқаны жазылған.

Марқұмның туыстары Бекбол Мираштың мерт болғанын растап отыр. «Ақ Жайықтың» жазуынша, туыстары Бекбол Мираштың суицид жасағанына сенбейді.

“Ол отбасындағы тұңғыш бала. Ата-анасының үміті мен тірегі еді. Қарындасы мен інісі бар. Менің – шәкіртім. Оны адал және мейірімді адам ретінде білемін. Біз оны ешқашан қайғылы, жабырқаулы күйде көрмеппіз», – дейді оның мұғалімі Айдана.

Айта кетсек, екі күн бұрын Атырау облысы Исатай ауданында ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің жауынгері қаза тапрты. ҰҚК шекара қызметінің хабарлауынша, ҰҚК шекара қызметі сот-медицина сараптама нәтижесі жауынгердің «кенеттен жүрегі тоқтап» өлгенін жазды. Жауынгердің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Фото: Stan.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.