Жаңалықтар

Маңғыстау облысындағы шаруаларға көмек беріледі

0
(0)

Үкімет Маңғыстау облысында малы қырылған шаруаларға қаржылай көмек көрсетеді. Бұл үшін 1,9 млрд теңге бөлінді. Бұл ақша осы аймақтағы малдың аналық басына арналған азыққа жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге жұмсалмақ.  Бұдан бөлек, фермерлік шаруашылықтарға 114,7 мың тонна дайын шөпті сатып алып, жеткізу үшін тұрақтандыру қоры құрылады. Ал «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» арқылы 56,3 мың тонна жем-шөп сатып алу үшін қосымша қаражат қаралмақ. Мұндай ақпарат Премьер-министрдің ресми сайтында жарияланды. Бүгін Асқар Маминнің жұмыс сапарымен осы өңірге барғаны белгілі болды. Аймақ басшысы Серікбай Тұрымов Премьер-министрге қуаңшылыққа байланысты қалыптасқан қазіргі жағдай туралы баяндаған. Әкімнің айтуынша,  қиын жағдайға тап болған шаруаларға іргелес жатқан Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан шөп жеткізіліп жатыр екен. Сондай-ақ, 1200 тоннадан астам арпа әкелінген. Қазіргі таңда облыста мал басын түгендеу үшін арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button