Жаңалықтар

Көрікті жерлерден күй кетіп барады

1
(1)

Еліміздің көрікті жерлері қоқыс алаңына айналып барады. Карантин кезінде қалада қыдыратын жер таппаған жандар тау-тасты аралап, қолдарындағы қоқыстарын қымсынбай тастап кететін болған. Тұрмыстық қалдықтар Асы үстірті, Көлсай көлдері мен Шарын шатқалдарының сәнін кетірген. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Күл-қоқысқа оранған Алматы облысындағы Ассы үстіртін саяхатшы  Анзор Гасаев түсіріп алған. Трэвл блогер өз қолымен жерде шашылып жатқан қалдықтарды жинап, халықты табиғатты аялап,  арттарынан қалдықтарды жинап кетуге шақырды!

Ақтаудың жағажайлары да қоқыс алаңына айналып барады!  Каспий теңізіне барып демалатын жұрт тұрмыс қалдықтарын оңды-солды шашып, табиғатқа орасан залал келтірген.

Әлемді тұмса табиғатымен таңқалдырған Көлсай көлдеріне ағылған туристердің санында шек жоқ! Тіпті пандемия салдарынан демалушылар саны екі еселенген. Алайда Қазақстанның ең көрікті мекені саналатын Ұлттық парк тамақ қалдықтары мен пластмассалардан аяқ алып жүргісіз.

Ең өкініштісі мына жерде де қоқыс өте көп, адамдар арттарынан жинамаған.

Қопсыған қоқыстарды Шарын шатқалында да көресіз.

Шарын каньоны, мына жерде де толған қоқыс! Адамдардың түк ұяты жоқ екен

Ал Бурабайда жағдай қалай? Ұлттық парк қызметкерінің сөзінше, демалуға келгендер ішіп-жеп, қарындары тойғасын қоқыстарын жинауға ерінеді Амалсыздан күн-түні туристердің арттарынан жинауға мәжбүрміз,  дейді!

Адамдардың артарында мусор көп пе?  Иә өте көп!

Бұл тек биыл ғана болып жатқан көрініс емес. Былтыр да табиғат жанашырлары қоршаған ортаны аялауға шақырған болатын. Алайда оған құлақ асып жатқандар некен саяқ!

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button