Жаңалықтар

Ертісте ежелгі адамның қаңқасы қармаққа түсті

5
(1)

Ертіс өзенінен 3 мың жыл бұрын өмір сүрген адамның жақ сүйегі табылды. Ежелгі адам қаңқасы қармаққа түскен. Сан ғасыр бойы су түбінде жатқан жақ сүйектегі тістер бүлінбеген күйі сақталыпты. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақсу қаласының тұрғынының қармағына балық емес, адамның жақ сүйегі түскен. Әйел жанталаса полиция шақырыпты. Ал жергілікті тұрғындар бұны қылмыспен байланыстырып, тіпті қаңқа осыдан бірнеше жыл бұрын жоғалған жігіттікі деп болжап үлгерген. Өзен жағасын түгел қарап, суды сүзіп шыққан құтқарушылар   адамның басқа  сүйегін таппаған. Ал сараптама судан шыққан жақ сүйек қола дәуірінде өмір сүрген адамдікі екенін анықтады.

Виктор Мерц, археолог

Жақ сүйегіне қарап оның орта жастағы ер адамдікі екенін білуге болады.Бұл  35-45 жастағы адам жақсы тамақтанған, тіпті физиологиясы жақсы болған болуы әбден мүмкін. Сүйекке шамамен 2,5 -3 мың жыл.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button