Жаңалықтар

Мектептегі еденді мақтамен бітеу сәтін интернетке жариялаған мұғалімге қысым көрсетілген

0
(0)

Атырау қаласындағы мектепте еденнің саңылауын мақтамен бітеп жатқан мұғалімнің суреті әлеуметтік желіде тарағаны белгілі. Енді осы жайтқа қатысты қазір тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Хабар 24-ке сілтеме жасап. 

Бұл мұнайлы шаһардағы Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектепте болған жағдай. Білім ошағына былтыр ғана күрделі жөндеу жүргізілген екен. Бірақ жұмыс сапасы сын көтермейді. Ал әлеуметтік желіде мектеп мұғалімі Райса Жұмабаеваға қысым көрсетіліп жатқаны айтылған болатын. Бұл мәселені облыстық білім басқармасы қадағалауға алған.

Райса Жұмабаева, М. Бекмұхамбетов атындағы орта мектеп мұғалімі

Бүгін жергілікті білім басқармасынан басшылар келіп, мән-жайды білді. Олар құзырлы органдар жүргізіп жатқан тексеріс мүмкіндігінше объективті болады, сондай-ақ орнаған жағдайға байланысты нақты құқықтық баға беріледі деп сендірді. Мен әділдікке сенемін. Заңға сүйенемін. Шындық жерде қалмайды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button