Жаңалықтар

Қостанайда тұрғын үйден шыққан өрттен әйел адам көз жұмды

0
(0)

Кездейсоқ өтіп бара жатқан адам Қостанайдың Қобыланды батыр даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйдің кіреберіс терезесінен түтін шығып жатқанын көріп қалған.

Бұл туралы ол «101» нөміріне хабарлаған. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. Санаулы минутта оқиға орнына Қостанайдың 1-МӨСБ 11 қызметкері келіп, АЦ-40 екі өрт сөндіру автоцистернасы жеткізілген. Төртінші қабаттағы бір бөлмелі пәтер жанып жатқан. Жалын бүкіл бөлмеге таралды. Өрт аумағы 30 – шаршы метр.

Өрт сөндіру барысында өрт сөндірушілер 52 жастағы пәтер иесінің денесін тапты. Қалың түтін кіреберістің жоғары қабаттарына жайылды, сондықтан құтқарушылар 18 адамды хабардар етіп, эвакуациялады. Сонымен қатар төрт тұрғынды, соның ішінде сәбиді аулаға алып кетті», – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button