Жаңалықтар

Instagram тағы бір жаңа функцияны іске қосады

5
(1)

Instagram пайдаланушыларды балағат сөз жазылған хабарламаларды алудан қорғаудың тәсілі болатын функцияны іске қосады. Бұл жаңалық әлеуметтік желінің блогында жарияланды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Қосылған кезде жаңа құрал балағат сөздер, фразалар мен смайликтерді қамтитын сұрауларды фильтрлейді.  Қолданушы  ол  тізімді  өзі анықтайды.

«Бұл құрал жеке хабарламаларға бағытталған, өйткені көбінесе адамдар әдетте балағаттайтын хабарламаларды жекеге жазады», – деп түсіндірді Instagram.

Пайдаланушылар құпиялылық параметрлері бөлімінде алгоритмді өз қалауы бойынша қоса және өшіре алады.

Әзірге бұл функция тек бірнеше елде қол жетімді болады, бірақ алдағы айларда компания оны және басқа елдердің пайдаланушыларын қамтуға ниетті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button