ЖаңалықтарСұхбат

Ермахан Ибраимов: Кедейлердің жағдайына олардың жалқаулығы, еріншектігі кінәлі

0
(0)

Танымал боксшы Ермахан Ибраимов елімізде өмір сүріп жатқан халықтың жағдайы туралы баяндады. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты.  Бокстан Олимпиада чемпионы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты сұхбат барысында 30 жыл ішінде қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы едәуір жақсарғанын атап өтті. 

Мен Қазақстаннан кеткен жоқпын. Егемендік алғанымызға 30 жыл болды. Қонаққа барыңыз, әр үйдегі дастарханға қараңыз. Бәрі өсіп-өніп жатыр. Қазақстанда бәрінің жағдайы жақсы, құдайға шүкір. Соны бағалай алмаған адамдар бар. 42 мың теңгеге ешкімнің күні қарап тұрған жоқ деп ойлаймын. Егер жұмыс істеймін, алға ұмтыламын деген адамға әрқашан жол ашық. Мысалы үкімет ауыл шаруашылығын қолдау қорларын ашты, кәсіпкерлерді қолдау қорлары бар. Не істеймін десең де, барлық жағдай жасалып жатыр. Кредит аласың ба, оны бір жыл кейінге шегеріп төлемей тұра тұрасың ба, бір сөзбен айтқанда мен диванда жатпаймын, еңбек етемін деген адамға барлық жағдай жасалған. Қазақстанда тұрған кедейлердің жағдайына олардың жалқаулығы, еріншектігі кінәлі. Алға ұмтылмайды. Бұл менің жеке пікірім, – дейді с

Боксшы депутат ретінде күніне екі-үш адамнан қабылдап, халықтың мәселелерін шешіп жатқанын жеткізді.

«Алматыда күніне екі-үш адамды қабылдап, олардың мәселесі бойынша керекті органдарға өзімнің визамды қойып жіберіп жатырмын. Жасаңдар, істеңдер, мықты болыңдар, алға ұмтылыңдар», – дейді боксшы.  Ол журналистің еліміздегі кедейлердің саны туралы келтірген дерегін «арпа ішінде бір бидай» деп бағалады.  – 18 миллион адамның 11 мыңы кедей болса, ол арпа ішінде бір бидай. Ол әрекет жасамағанның кесірі деп ойлаймын. Елімізде ешкім жерде қалмайды, – дейді мәслихат депутаты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button