ЖаңалықтарҚоғам

Байқоңырда 8 жасар баланың неден қайтыс болғаны белгілі болды

5
(1)

Ресей Федерациясы тергеу комитетінің баспасөз қызметі Байқоңырда жоғалып кеткен сегіз жасар баланың неден қайтыс болғанын хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 21 ақпанда Байқоңыр қаласынан 500 метр қашықтықта мұз жиегінен Ерхан Анастың мәйіті табылған.

«Сот-медициналық сараптама өлімнің себебі суға батқан кезде тыныс алу жолдары сумен жабылуына байланысты механикалық асфиксия болғанын анықтады. Мәйітте басқа дене жарақаттары жоқ. Ерхан Анасқа қатысты зорлық әрекеттердің жасалғаны туралы деректер жоқ» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта екінші бала Нұрәлі Оразбаев әлі іздестірілуде.

Қазіргі кезде аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Іс прокурордың ерекше бақылауында болады.

Еске сала кетейік, 20 ақпан күні Байқоңыр қаласында сегіз жасар 2 бала жоғалып кеткен болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button