ӘлемдеЖаңалықтар

Кір жуғыш машинаға кіріп кеткен бала көз жұмды

0
(0)

Жаңа Зеландияда қосулы тұрған кір жуғыш машинаның ішіне кіріп кеткен бала көз жұмды деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі Life.ru. -ға сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, оқиға 19 ақпанда Крайстчерч қаласында болған. Кенет бүлдіршіннің ата-анасы кішкентайларының кір жуатын машинаның ішінде жуылып жатқанын көрген. Осыдан кейін баланы ес-түссіз халде жергілікті ауруханалардың біріне жеткізген. Алайда дәрігерлер оның өмірін аман сақтап қала алмаған.

Полицияның хабарлауынша, баланың өлімі күдік тудырмайды. Басылым үйінде кішкентай баласы барларға аса сақ болу қажеттігін ескертеді. Бүлдіршіндердің абайсызда кір жуғыш машинаның ішіне кіріп кететін кездері аз емес. Баласының ішінде екенінен бейхабар ата-аналар машинаны қосып жіберуі мүмкін.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button