ОҚМУ ғалымдары антисептик спрейін дайындап шығарды

 1,587 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ғалымдары санитайзер яғни антисептик спрейін жасап шығарды.

Бұл университет жанындағы «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» аймақтық сынақ зертханасында қолға алынып отырған іс. Хош иістендірілген антисептик спрейі бактерияларға, микробтарға және вирустарға қарсы әсер етуші сипатқа ие. Ең бастысы теріні тітіркендірмейді. Қайта тері жарақаттарының жазылуына септігін тигізеді. Адамдардың өзімен бірге алып жүруге де ыңғайлы. 50мл. флокондарына құйылып дайындалған.

Өзіміздің оқу-зертханалық базамызда дайындалған антисептиктер университет жатақханаларында қазір жатып онлайн білім алып отырған студенттерге, университеттің жұмыс жасауын қамтамасыз етіп отырған жұмысшылар мен қызметкерлерге тегін таратылып берілді. Сонымен қатар қайырымдылық шаралар жасау мақсатында қаладағы балалар үйіне де тарату ойымызда бар. «Сақ болсаң, сақтаймын» демекші сақтық шараларын жасап жүру үшін осындай антисептикті пайдаланғанымыз абзал.

«Біздің университет ғалымдары дайындаған антисептиктің құрамы дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолға арналған антисептиктерді жасау рецептурасы мен МЕСТ Р 58151.1-2018 жалпы техникалық талаптар ұсынылған әдістемелер мен ережелер негізінде жасалған» – дейді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің Ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі проректоры Ұлан Сейтқазыұлы Сүлейменов.
Ал Мекемедегі ғимараттар мен жатақханалардағы кіре берістегі санитайзерлерді оқтын-оқтын жаңартып тұру үшін 5литр ыдыстарға да дайындау қолға алынуда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем бойынша пандемия жарияланғалы бері Қазақстан Республикасында да коронавирус жұқтырғандар адамдардың саны күннен-күнге қарқыны артып келеді. Бұл аурудың санын тоқтату және болдырмаудың бірден бір жолы адамдармен қарым қатынасты мүмкіндігінше азайту қажет. Сосын сақтық шараларын жасауды естен шығармаған жөн

Бөлісу:


Және де: