ЖаңалықтарШымкент қаласы

Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!

0
(0)

Төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары бекітілді:

– I сұрыпты бидай ұны – 166 тг/кг;
– І сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 146 тг/кг (73 тг. қалыпты бөлке нан);
– рожки (өлшеніп салынатын) – 212 тг/кг;
– қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) – 318 тг/кг;
– тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) – 272 тг/кг;
– сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) – 1904 тг/кг;
– тауық жұмыртқасы (I санатты), 10 данасы – 305 тг/кг;
– күнбағыс майы – 422 тг/л;
– ас тұзы («Экстра»- дан басқа) – 51 тг/кг.

Дүкендердегі тауар ассортиментінің кемінде бір түрі белгіленген бағадан аспауы тиіс.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Кодексінің 202-бабына сәйкес ішкі сауда субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын асыра пайдаланса 100 АЕК мөлшерінде айыппұл, бір жыл ішінде кайталанса 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынын кем дегенде бір түрінің бағасы осы бағадан аспауы қажет.
Егер азық-түлік бағасына қатысты ұсыныс, шағымыңыз болса, WhatsApp арқылы 87781361847 номеріне мекен-жайын көрсетіп жолдасаңыз болады. Немесе Call centr 39-50-55 номеріне хабарласа аласыз.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close