Алматы қаласыЖаңалықтар

Шекара қызметі академиясының коронавирус жұқтырған курсанттарының саны 67-ге жетті

0
(0)

Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада жастардың басым бөлігі коронавирус жұқтырғанын айтты, – деп хабарлайды NewsRoom+  ақпарат агенттігінің тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Дәрігердің хабарлауынша, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 693-ке жеткен. 5 адам вирустан көз жұмған.

«Ауру ересектердің арасында басым. Оның ішінде 15-19 жас – 43 жағдай (6,3 пайыз), 20-29 жас – 212 жағдай (31,3 пайыз), 30-39 жас – 129 жағдай (19 пайыз), 40-49 жас – 116 жағдай (17 пайыз), 50-59 жас – 115 жағдай, 60 жас және одан жоғары – 42 жағдай (6,1 пайыз)», – деді ол Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар індетті студенттер мен оқушылар да жұқтырғанын басып айтты.

«Студенттер бойынша 40 жағдай, мектеп оқушылары – 15 жағдай, басқа елдерден келгендер – 38 жағдай және шекара қызметі академиясының курсанттары – 67 жағдай, авиация қызметкерлері – 2 жағдай, зейнеткерлер – 40 жағдай, жұмыс істемейтіндер 55 жағдай тіркелді», – деді Жандарбек Бекшин.

Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері 383 медицина қызметкері коронавирус жұқтырғанын айтып кетті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close