ЖаңалықтарСпорт/Шоу-Биз

Баян Мақсатқызы: Тәуекелдің көркіне тамсанып, үш күн көз алмай қарадым

0
(0)

Баян Алагөзова Тәуекелді алғаш көрген сәтін еске алды. Тұла бойын сұлу етіп жаратқан құдайдың құдіретіне таңғалдым дейді продюсер. Алагөзова Тәуекелмен бірге киноға түскен сәттері жайында айтты.

Бұл туралы «Дастархан» бағдарламасында айтылды, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәуекел Мүслім уақыт тауып Баян Мақсатқызы жайлы естеліктерін бөлісуге, алғысын айтуға арнайы келді. Ол өзінің танымалдығының артуына себепші болған ұстазына рахметін айтты.

«Бастапқыда түсірілім кезінде оған қарап тұра алмадым. Ол менің ұлым болып ойнады. Бірақ маған қараған сайын көркіне таңдана қарап қалам. Сосын түсірілімді үздім. Мен оның көркіне көзімді үйретуім керек. Мына жігітті құдайдың өзі жаратқан. Неткен келбетті жан деп тамсандым. Осылай үш күн жүрдім. Төртінші күн дегенде көзім үйренген соң барып түсірілімді жалғастырдық», – деді Алагөзова.

Тәуекел Мүслім Баян Мақсатқызының ешбір өтінішінен бас тарта алмайтынын мойындады.

«Егер жобаға қатысты Баян әлдебір өтініш айтса, мен бас тарта алмаймын. Баян Мақсатқызына ерекше алғысымды айтамын. Менің кино әлеміне жол ашуыма себепші болған жанның бірі», – деді актер.

Ал, Тұрсын Алагөзов бұрын-соңды Баян Мақсатқызының шығармашылығымен таныс болмаған екен.

«Мен жалпы шоу-бизнес деген ұғым бар екенін, Баян Мақсатқызының шығармашылығын, атағы жайлы мүлде білмеппін. Жалпы, шоу-бизнес әлеміне қызыққан да, түсінген де емесіпін», – деді ол.

Баян Мақсатқызы дәл осы қасиеті үшін Тұрсын Алагөзовты құрметтейтінін айтты.

«Мені атағым үшін, сұлулығы үшін, ақша үшін не басқам үшін сүйетіндер көп. Ал, Тұрсын мен туралы білмеген де. Мені жай ғана әйел ретінде сүйетіні маған өте ұнайды», – деді продюсер.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close