Жаңалықтар

Қымбат көліктер кортежі: Алматыдағы криминалды полиция басшысы қызметінен босатылды

0
(0)

Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин блок-бекеттен өткен бағалы көліктердің дауына байланысты қызметінен босатылды, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматыда блокпост арқылы заңсыз өту фактісі бойынша төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 5 адам ұсталып, 10-нан 15 тәулікке дейін тұтқындау түріндегі әкімшілік жауапқа тартылды. Барлық 4 қымбат автокөліктер айып тұрағына қойылды. Сондай-ақ кортежге қатысқан тағы екі адамға іздеу салыныпты. Осы ретте аталған фактіге жол берген және олардың жолын кесу шараларын қабылдамаған полиция қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды.

Бұған қоса, криминалдық полиция басқармасының бастығы Ж. Зиадин және патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Е. Қуанышбаев қызметтерінен босатылды.

Аталған жағдайға байланысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өз пікірін білдірді.

«Құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ішкі істер органдары қызметкерлерінің негізгі міндеті болды және болып та қала береді. Төтенше жағдай мен карантин режимін бұзуға, оның үстіне жеке құрам тарапынан жол беруге болмайды. Мұны қатардағы қызметкерлермен қатар олардың басшылары да есте сақтауы тиіс», – деді Ерлан Тұрғымбаев.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close