Елжан Біртановтың орнына Болат Жәмішев тағайындалды

 1,922 

Болат Жәмішев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Oinet.kz сайтына сілтеме жасап. 
Бұған дейін бұл қорды Елжан Біртанов басқарған. Дегенмен, денсаулық сақтау министрі директорлар кеңесінде қалады. Сондай-ақ экономистер Жақсыбек Күлекеев пен қаржыгер Юлия Якупбаева қордың тәуелсіз директорлары болып сайланды.

Қазіргі уақытта ӘМСҚ директорлар кеңесінің құрамына басқарма төрағасы Болат Жәмішев, тәуелсіз директорлар – Ораз Жандосов, Гинтарас Кацявичюс, Жақсылық Күлекеев, Юлия Якупбаева, Болат Бәбенов, сондай-ақ кеңес мүшелері – Елжан Біртанов, Берік Шолпанқұлов және Айбатыр Жұмағұлов кіреді. Қор сонымен қатар Болат Жәмішевтің Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде алатын сыйақысының мөлшері туралы түсінік берді.

Баспасөз қызметі Болат Бидахметұлының жалақысы айына 200 мың теңгеден аспайды деп отыр. Осы ақшадан табыс салығы, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары ұсталады.  Жалақыны қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің келісуімен уәкілетті орган ретінде Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген.

Айта кетейік, Болат Жәмішев Алматы облысы Гвардия ауданының Алтын – Емел ауылында 1957 жылғы 28 маусымда дүниеге келген. Білімі жоғары, 1981 жылы Қазақ Ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ экономика және АӨК ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты. Аспирантураны бітіргеннен кейін 1992 жылға дейін бірнеше жыл ғылыми қызметпен айналысты. Кейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, басшы лауазымдық қызметтерді атқарды. 1993-1997 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі перспективалық зерттеулер орталығының директоры, Зерттеулер және статистика департаменті директорының орынбасары. 1997 жылдан бастап 1999 жылды қоса алғанда – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің директоры, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 1999-2001 жылдары, сондай-ақ 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі және бірінші қаржы вице-министрі болып жұмыс істеді. 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі. 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары. 2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы. 2006-2007 жылдары – Еуразия Даму Банкі басқарма төрағасының орынбасары – Жобалау қызметі жөніндегі басқарушы директор. 2007 жылғы 14 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып табылады. Арнайы және мерзімді басылымдарда экономикалық мәселелер жөніндегі ғылыми басылымдары жарық көрді.

Бөлісу: