Жаңалықтар

Ленин туралы он дерек

0
(0)

22 сәуір – Ресей большевиктер партиясының көсемі Владимир Ульянов-Лениннің туған күні.

Бұл күнді Кеңес үкіметі тұсында өмір сүрген жас пен кәрі мәңгі естен шығармайтыны анық. «Күн көсемнің» туған күніне орай, ол туралы аңыз бен шындықты назарларыңызға ұсынамыз:
Ленин 300 жылға жуық билік құрған патшалық империяны тақтан төңкеріп, жұмысшылар табының билікке келген Кеңес үкіметін құрған кісі. Патшалық кезең мыңдаған шақырымда қашықтықтағы жатқан жапан даладағы қазақ жұртына да кесірін тигізбей қоймаған. Оны әдеби шығармалардан кездестіруге болады.
1.Оның шын аты Владимир Ульянов. Оның 150-ге жуық лақап аты болған екен. Алайда солардың ішінен Ленинді таңдаған.
2.Ол өте талапты адам, білімді болған. Патша жүйесін құлату үшін де бас керек, әрине. Ол революция жасады, патша режимін өзгертті. Владимир орта мектепті алтын медальға бітірген. Заң факультетіне оқуға түсіп, 21 жасында ең жас адвокат болған.
3.Оның бойы шамамен 164 см болған екен.
4.Оның ағасы Александр патшаға қастандық жасап, төңкерісшіл деген айыппен өлім жазасына кесілген.
5.1922 жылы Владимир Ильич өмірінде бір рет қана еңбек орденін алған екен.
6.Кеңестік дәуірде көсемнің құрметіне небір есімдер дүниеге келіпті. Олар
Владлен, Вилен, Владилен, Арвиль, Арлен (Лениннің армиясы), Варлен (Ұлы Ленин армиясы) және т.б.
7.Ленин өзінің өмірбаяны туралы жазып қалдырмаған саяси қайраткерлердің бірі.
8.Ленин 1919 жылдары дін өкілдеріне қатаң жаза тағайындаған, қарсы келгендерді атуға үкім шығарған. Содан оны атеист болған деген пікір пайда болған. Алайда ол дін туралы кітаптармен таныс болған, православ дінін ұстанған, жұбайы Нажежда Крупскаямен шіркеуде некелескен.
Лениннің артында ұрпақ қалмаған. Оған жарының айдауда болған кездері себеп болса керек.
9.Лениннің мүсінін өлгеннен соң, дене бітімі қатты ұқсас заңгер Иосиф Славкинке қарап жасалынған екен.
10.Оған тірі кезінде қастандықтар жасалғаны рас. Алайда өлімі туралы деректер әртүрлі, бірі тамақтан уланып қайтыс болған деседі, кейбірі улы оқтың зияны өліміне себепші болған екен. Әйтсе де өмір бар жерде өлім де жүретіні ақиқат. 1924 жылдың қаңтарында 53 жастағы Ленин инсульт алып, миына қан құйылып, қайтыс болған.
Өлгеннен кейін де мүрдесі жер қойнауына тарсырылмаған ол бүгінде Мәскеудің Қызыл алаңында жатыр. Қайтыс болғаннан кейін жер-жерден ағылып келушілер көп болғандығы себеп болған деседі.
Бүгінде кез-келген адам Мәскеуге барып, мавзолейден Лениннің бальзамдалған денесін көре алады. Оны жерлеу туралы әңгімені Ресей шенеуніктері жылда көтергенмен, сол күйі қалып келеді. Себебі оны бальзамдауға кететін шығын қыруар көрінеді. Жаны шыққан денесі әлі күнге дейін жер қойнауына тапсырылмай, көсемін өлімге қимағандардың шексіз махаббаты құдды мына дүниеде әлі де өмір сүруін талап ететіндей.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close