Алматы облысыЖаңалықтар

Алматы облысында ер адам карантинге байланысты әскери қызметкерді соққыға жықты

0
(0)

Алматы облысы Райымбек ауылында көлік жүргізушісі карантиндік аумақта патрульдеп жүрген әскери қызметкерді соққыға жыққан, –  деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға 16 сәуірде болған.  Төтенше жағдай кезінде резервтен шақырылған екі әскери қызметші Қарасай ауданының Райымбек ауылын патрульдеп жүрген. Көшелердің бірінде олар «Лада Гранта» автокөлігін тоқтатқан.

“Патруль талабы бойынша тоқтаған Лада Гранта көлігінің 51 жастағы иесі автокөліктен шығып, өзгелерінің алыста тұрғанын пайдаланып, 24 жастағы әскери сарбазды соққыға жыққан. Жергілікті тұрғын оқиға орыннан із суытқан. Қазіргі уақытта күдікті азамат ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды”,- деді Қарасай АПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Айдын Сейітов.

Аталған факті ҚР ҚК-нің «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бабы бойынша СДТБТ-да тіркелген.

Күдіктінің бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны, яғни 2004 жылы денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат салғаны үшін сотталғаны анықталды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close