ЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы жұрттың көкейінде жүрген күдікті сейілтті

4.2
(6)

Еліміздегі ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайтын болды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы қазіргі кезде жоғары оқу орындарының құрылымын өзгерту жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Көптеген ЖОО коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды. Бұл ел ішінде әртүрлі әңгіме туғызуда. Сондай-ақ ірі мемлекеттік жоғары оқу орындары кейіннен жекеменшікке сатылуы мүмкін деген де күдік бар. Осыған орай ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайтыны жөнінде мәлімдеймін», – деді президент.

Сонымен қатар мемлекет басшысы бұл мәселенің айрықша назарда екенін айтып өтті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 6

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close