Жаңалықтар

Бағдарламаға психологиялық тестілеу енгізіліп отыр – Ғани Бейсембаев

«Білім беру өзгерістерінің 1000 көшбасшысы» кадрлық резерві жасақталады, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғани Бейсембаев Аягөз, Үржар және Жарма аудандарының педагогтерімен кездесулер өткізді. Онда әсіресе, сапалы білім беру мен кәсіби дамуды қамтамасыз етудің негізгі бағыттарына және ҰБТ (ұлттық біліктілік тест) өткізу ережелеріндегі өзгерістерге баса назар аударды.

«Министрлік «Білім беру өзгерістерінің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервін қалыптастыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Басты мақсат – педагогтер бойында тұлғалық, кәсібилік, басқарушылық, сараптамалық дағдылар мен құзыреттерді дамыту. Бағдарламаға психологиялық тестілеу енгізіліп отыр, ол жас педагогтердің, болашақ көшбасшылардың тұлғалық түрін, табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді министр.

Бұған дейін VIII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы педагогтер үшін ҰБТ ережесін оңайлатуды ұсынған болатын. Қазіргі таңда министрлік мұғалімдерді аттестациялау жүйесін жетілдіру бойынша бірқатар жұмыстар атқаруда. «Оқыту әдісі» бағыты мен портфолио қалыптастыру процесі қайта қаралатын болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.