Жаңалықтар

Қазақстанның экс-президенттерімен бір метрода отыратын күн туады – Мәжіліс депутаты

Жаңа Президент – жаңа команда, жаңа кандидаттар, жаңа ұсыныстар. Алдағы 20 жылда кемі Қазақстан билігінен 3 жаңа мемлекет басшысы келеді. Тіпті экс президенттермен метрода бірге отыратын күн туады дейді «Сұрауы бар» ютуб арнасына сұхбат берген Елнұр Бейсенбаев. Оған толық сенімді, деп newsroom.kz хабарлайды.  

«Алдағы 20 жылда сіз бен біз 3 президентті көретін боламыз. Ал жаңа Президент – жаңа команда. Жаңа кандидаттар, жаңа ұсыныстар. Жаңа Үкімет, мүмкін парламентті таратып, жаңа парламент құрылады. Жаспыз ғой, сіз бен біз алдағы 20 жылда метрода кетіп бара жатып, экс президентпен қатар отырып қалу мүмкіндігіне ие болармыз. Сенімдімін, солай болады», – дейді.    

Бірақ кейбір сарапшылар мемлекеттік қызметте 5 жыл тәжірбиесі жоқ адамдардың сайлауға түсе алмауы негізгі шектеу дейді. Алайда, мәжілісмен Бейсенбаевтың пікірі басқаша.

«Бізде Президенттік басқару жүйесі. Сондықтан сіз ең құрығанда мәслихатта 5 жыл сайланып, халықтың аз болса да қолдауына ие бола алмасаңыз, онда сіздің Президент болуыңыздан не қайыр деген сұрақ туындайды. Барлығы айтады бұл – антиконституциялық норма, демократияға сай емес деп. Меніңше, мемлекеттік тұрақтылығы мен болашағы кез келген қойылған шектеулерден артық тұруы қажет. Бұл кішкентай ғана шектеу. Сосын Президент боламын деген адам жас кезден дайындалуы қажет. Өткен 10 жылдың ішінде кандидат болымын деген азаматтар осы функцияларды атқаратын уақыт болды», – дейді Елнұр Бейсенбаев.

Ал осы жолғы сайлауда Тоқаевқа шынайы қарсылас кандидаттың болмауына  саясаткерлер жауапкершіліктен қорқуы себеп екен.

«Тоқаевтың қазіргі алатын тұлғалық, саяси орны мен тәжірибесіне сайып келетін кандидат мына ұсынылған 12 азаматтың ішінде жоқ. Оны ашық айту керек. Қоғамды алаңдатқан «Тоқаевқа сай келетін шынайы кандидат неге тіркелмеді?» деге сұрақ қой. Біріншіден – ондай азаматтардың қолын ешкім байлаған жоқ. Тіркелуге олардың толық мүмкіндігі болды. Бірақ қаңтар оқиғасынан кейін мен саясаткермін, осындай жағдайдан кейін билікті, мемлекеттік қолыма алып, алға сүреп шығамын деген саясаткерлер мың ойланып, толғанып, осы жағдайдан кейін қарсылас болуға дайын емес болып шешілгендей көрінді өзіме. Өйткені қаңтар оқиғасының сызаты өте ауыр», – дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеге өтіп көріңіздер.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.