Жаңалықтар

Қазақстандық студенттер Үндістанда білімін шыңдай алады

Астанада Үндістан елшілігі Техникалық және экономикалық ынтымақтастық күнін (ITEC) атап өтті, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.

Іс-шараға Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Шубдаршини Трипати, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова, ITEC түлектері, жергілікті оқу орындарының өкілдері мен журналистер қатысты.

Жиында елші Үндістанның техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына (ITEC) қатысты түсінік берді.

«ITEC – 1964 жылы қыркүйекте Үндістан ресми түрде негізін қалаған техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы. Оның аясында еліміздегі 1 мың жетекші оқу орнында білім алуға болады. Мысалы, оқу бағдарламасы ақпараттық технология, ағылшын тілі, қаржы, ауыл шаруашылығы, қашықтан зондтау, экологиялық технология, веб-дизайн және тағы басқа саладағы көптеген пәнді қамтиды», – деді Шубдаршини Трипати.

Оның айтуынша, Қазақстан 1992 жылдан бастап ITEC бағдарламасының серіктесі болып саналады.

«Осы уақыттан бері 1329 қазақстандық Үндістанда білім алды. Оның ішінде 1041 студент, 288 әскери қызметші қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсынан өтты. 2 жылға созылған үзілістен кейін ITEC курстары өз жұмысын қайта бастады», – деді елші.

Сондай-ақ Шубдаршини Трипати қазақстандық студенттер үшін жағымды жаңалық барын атап өтті.

«Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық байланыстың 30 жылдығына орай ITEC бағдарламасы бойынша қазақстандықтар үшін оқу орнының саны 75-тен 100-ге ұлғайтылды. Бұл Қазақстандағы мамандар мен студенттерге ITEC бағдарламасы аясында білімін шыңдап, өз елінің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына және қос мемлекет арасындағы достық байланысты нығайтуға септігін тигізеді», – деп түйіндеді сөзін ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.