Жаңалықтар

Алматыда ер адам зейнеткерлердің құлағынан сырғасын жұлып алған (ВИДЕО)

Зейнеткерлердің құлағынан сырғасын жұлып алған

Алматыда зейнеткерлерді тонаған ер адам ұсталды деп хабарлайды Newsroom.kz turkystan.kz  сілтеме жасап.

37 жастағы қарақшы куәгерлерге қарамастан, зейнеткерлерге шабуыл жасаған. Оның іс-әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

«Қаскөй өзіне қарсы тұра алмайтын, 60 жастан асқан әйелдерді ғана тонаған. Күдікті қамауға алынды. Ол – 37 жастағы Б. есімді азамат. Еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болған ер адам әжелердің сырғасын ломбардқа тапсырып, одан түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын айтты. Дерек бойынша көп эпизодты қылмыстық іс қозғалып жатыр», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Портал мәліметіне сүйенсек, Түркістан облысының тумасы Алматыға жұмыс істеуге келген екен. Қалада жалдамалы пәтерлерде тұрған. Ол бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған, ал тергеушілер оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.