Жаңалықтар

Басшылықпен түсінісе алмаған шахтерлар жұмыстан бас тартты

Күзембаев атындағы шахтада басшылықпен келісе алмаған 12 қызметкер жұмыстан бас тартты деп хабарлайды Newsroom.kz порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап

Белгілі болғандай, «Углеспецмонтаж» кәсіпорнының жұмысшылары ереуілге шыққан. Олар жұмыс жағдайына, жалақының мөлшеріне, жарамсыз болып қалған арнайы киімдерге және өзге де мәселелерге наразылық танытқан.

Жұмысшылар кеншілердің зейнет жасын төмендету мәселесін де көтерді.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті кәсіпорнының әкімшілігі жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Жексенбі, 2022 жылдың 20 ақпанында тау-кен жабдықтарын бөлшектеумен айналысқан УСМ мердігерінің 12 адамы УСМ басшылығымен туындаған даулы мәселелерге байланысты жұмысты орындаудан бас тартты» деп жазылған хабарламада.

Бүгінгі таңда УСМ басшылығы келіспеушіліктерді шешу бойынша шаралар қабылдауда. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты кәсіпорындар, соның ішінде Күзембаев атындағы шахта штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

Өтей Торғайұлы

turkystan.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.