Жаңалықтар

Дәрігерлер Пермдік атқыштың бір аяғын кесіп тастады

2
(3)

Пермьдегі жоғары оқу орнына шабуыл жасаған студент әлі есін жинаған жоқ. Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланады. Ол ұсталған кезде жарақат алған еді. Бүгін студентке тағы бір ота жасалды, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы Life.ru сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, дәрігерлер атқыштың сол аяғын кескен. Атқыш оқиға орнында заласыздандырып, жарақатымен аруханаға жеткізілген еді. Қазір шабуылшы жан сақтау бөлімінде.
Естеріңізге сала кетейік, Пермь мемлекеттік университетінде 20 қыркүйек күні  таңертең атыс болған. Қара киім мен бетперде киген қарулы жігіт оқу орнындағы жандарға оқ жаудырған. Нәтижесінде алты адам қаза тапты. Ал зардап шеккен 29 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың бір бөлігі түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Дереккөздің мәліметке сенсек, тоғызы ауыр халде.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button