ЖаңалықтарТарих

Шіркіннің сөзі де, ісі де семіз екен….

3.5
(6)
Есте жоқ ерте заманда біздің елде Байсиық есімді ақылды, қайырымды бай адам болыпты. Бір жылы қыс созылып, жұрттың соғым еті бітіп, қызылсыз қалыпты. Мұны көрген Байсиық мыңға тарта жылқысын, бірнеше отар қойын еліне сойысқа береді.
Көктем шыға, мал аузы көкке тиеді, қоңдана бастайды. Бірақ, Байсиықтың үйінен арылмайтын қонақ сирей бастайды.
Күн сайын тартылатын табақ- табақ ет асылмай қалады. Себебін түсінбеген Байсиық ауыл ақсақалынан жөнін сұрапты. Сонда ақсақал:
-Сен жұртыңды жұттан жұтатпай алып шықтың. Сонша малыңды тегін үлестірдің. Қанша киіз, көрпе, жастық тараттың. Бәріміз көріп жүрміз. Мына жұрт қалған мүкамалың азаймасын, мал орны толсын деп шеттеп жүр,- деген екен.
Мұны естіген Байсиық
-Ой тәйірі! Сырты түк, іші боқ жылқы мен қобдиған жүнді қой- ешкі есігімнен аттап, батасын беріп кетер жұртымдікі деп жинап жүр емеспін бе! Сендер болмасаңдар, төрімде отырмасаңдар ол маған не керек?- депті.
Жан- жаққа ат шаптырып, елін жиыпты. Сол күннен бастап Байсиықты халық «Шіркіннің сөзі де, ісі де семіз екен» деп «Семіз найман» атап кетіпті.
Достар! Өз тарихымызды түгендеген жөн емес пе. Осы оқиғадағы «Семіз найман» ҮІ ғасырда бар екені профессор Қаржаубай Сартқожаның еңбектерінде айтылады. Бұл сол сахабалардың кезеңі.
Өздерін Семіз найман Байсиықтан таратын үлкен қауым қазір де от түтетіп, өсіп- өніп жатыр. Қазағымның ортасы толып, берекелері арта берсін!
Камал ӘБДІРАХМАН

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.5 / 5. Бағалар саны: 6

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button