Жаңалықтар

Мотоцикл екі адамды қақты

0
(0)

Алматыда мотоцикл қағып кеткен әйел қаза тапты. Өткен түнде Республика алаңының маңынан бір отбасы жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден жолдың екінші жағына өтпек болған. Сол сәтте оларды мотоцикл келіп соққан. Ер адам аман қалса, қарт кісі мен оның 5 жастағы немересі қатты зардап шеккен. Жедел жәрдем көлігі келіп екеуін де ауруханаға жеткізген. Алайда, кейінірек егде кісі сол жерде көз жұмды. Қазіргі уақытта дәрігерлер бүлдіршіннің өмірі үшін арпалысуда. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Мотоцикл жүргізушісі де жарақат алып,  ауруханаға түскен.

ЮЛИЯ ХАРИНА  КУӘГЕР: «Баланың беті зақымдалған. Соққы кезінде ол бетпен құлады. Оның жақ сүйегі сынған, бауыры жараланды».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button