Жаңалықтар

Ешкі сүтін ішіп, аты жаман ауыруды жеңген келіншек

0
(0)

Аты жаман ауруды жеңген көпбалалы ана. Ақтөбелік Жанат жігерлілігімен, қиындыққа мойымайтын, өмірге құштар қасиетімен көпке үлгі болатын кейіпкер. Оның мақсаты айқын. Бойындағы осы қасиеттері қатерлі ісікпен күресте жеңіп шығуыға себеп болды дейді. Мықтылығы көпке мотивация Жанат жұртқа үлгі болар істі бастапты. Қолға алған ісі туралы біздің тілшімізге баяндап берген болатын. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

43 жастағы Жанаттың негізгі мамандығы  мұғалім. Алайда, ұстаздықтан қол үзген ол көп жылдар бойы жолаушылар тасымалы қызметінде еңбектеген. Көпбалалы келіншек «қатерлі ісікке шалдықтыңыз» дегенді естігенде есеңгіреп қалыпты. Салы суға кеткенімен, есін тез жинап, өмір үшін күресті бастап кеткен.

ЖАНАТ КӨНЕБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Химиотерапия алғаннан кейін менде еш үміт болған жоқ. Ойладым ғой мен осы қиындықтардан өте аламын ба, алмаймын ба деп. Алланың қалауымен мен осы қиындықтардан өттім. Жаман ауруды жеңуге болады».

Аты жаман індетке шалдыққан келіншек ем қабылдай жүріп жаман ойдан арылуға тырысады. Өзіне ұнайтын – ас пісіруді ермек етеді. Жанат бөлке нандарына сұраныс артқанын көріп, кәсіпкерлікке бет бұруды ойлапты. Сол кезде өзіне мақсат қояды.

ЖАНАТ КӨНЕБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Мен 2019 жылы өзім қатерлі ісік ауруына шалдыққаннан кейін ем алдым, химиотерапия, лучевая. Химиотерапия алғаннан кейін шашым түсіп қалды. Сол кезде бізге айтылған, ешкі сүтін ішсеңіздер, шашың қатайып шығады деп. Сонда біз іздегенде адам тапшы болды. Ыссылай, жылылай сауған бойы әкелетін адамды таппадым мен».

Басынан өткерген қиындығы бар Жанат өзі секілді жаны қиналған жандарға ешкі сүтінің ауадай қажет екенін түсінеді. Осы кәсіпті терең зерттейді. Тынымсыз келіншек әуелі кәсіпкерліктің әліппесін меңгеру қажет екенін түсінеді. Ізденіп жүріп әкімдік ұйымдастырған кәсіпкерлік курсынан өтеді. Жобасы үздік бағаланып, мемлекет қолдау ретінде жарты млн теңге береді. Соған алты ешкі сатып алыпты. Күніне 6 литр сүт сауып, сырқаттарға жөнелтіп отыр.

«Күніне үш мәрте сауамын: таңертең, түсте, кешке. Таңғы 6-да сауып болып, жетіден бастап онкобольнойларға таратамын. Өзім сияқты ремиссияда жүрген, химиотерапия, «лучевая» терапия алып жатқан больнойларға көмектесемін деп өзіме мақсат қойғанмын».

Жанат «болдым-толдым» дейтіндердің санатынан емес. Жаңалықты жаны қалайды. Жуырда жергілікті әкімдік ұйымдастырған «Бетбұрыс» жобасына қатысқан. Бизнестің жілігін шағып, майын ішкен кәсіпкерлердің дәрісін тыңдап, кәсіп ашудың қыр-сырын үйренген.

АНАР ДАРЖАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ: «Менторлар таңдап, сол менторлар осы ментилармен алты апта бойы жұмыс істеді. Сол жұмыстың нәтижесінде ментилер бизнес жобаларын қоғады».

Жігерлі келіншектің жоспары көп. Ешкі шаруашылы кеңейтіп, кейін сүтінен ірімшік өндіргісі келеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button