Жаңалықтар

Онлайннан офлайнға айналған құрбандық

0
(0)

 

Бүгін, қасиетті Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Жылына бір мәрте келетін ұлық мейрамды мерекелеу аясы биыл да тарылды. Мешіттер маңында жылдағыдай иық тірескен жамағат жоқ. Себебі,  індет өршіп тұрған соң, Айт намазын оқуға тыйым салынған болатын. Құрбандық шалу да онлайн режимде жоспарланғанеді. Алайда талапқа бағынбаған жұртшылық таң атысымен мал базарды басып алды. .   Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Құрбан айттың алғашқы күні. Таңғы сағат 8-ден бастап мал базардағы көрініс осы. «Биылғы мейрам онлайн режимде өтеді» деген пәрменге қарамастан, қасапхана маңдарын халық таң атысымен қаумалап алды.

НҰРБОЛ НҰРСАҒАТОВ, БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:»10 процент мында офлайн. Өздеріңіз көріп тұрсыздар әлгі жамағаттарымыз бар,  өздері келіп осында жасатып жатқан. Бірақ та в основном бәрін онлайн жасатып жатырмыз. Онлайн қазіргі кезде сойылады. Содан кейін осы еттердің барлығы мұқтаж адамдардың барлығына таратылады».

Талап бойынша, сайт арқылы тапсырыс берілген құрбандар аймақтардағы арнайы әзірленген қасапханаларда сойылуы керек. Санитарлық талаптар сақталып, әлеуметтік ара қашықтық та ескерілуі тиіс еді. Алайда, шектеулерге қарамастан, құрбандықты өз қолыммен шалып, құлшылық етем деп келгендерге де қасапханадан орын табылды.

ӨРКЕН МҰРАТБАЕВ, ҚАСАПШЫ: «Қол-қол, сан-сан, бәрін бөліп жатырмын. Халық қалай айтады, солай бөліп беремін. Менде зеленый статус. Бәрі дұрыс. ПЦР тапсырып, тексерілгем».

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «- Биыл бірінші рет.  Қалай болып жатыр мына тәртібі?. – Болады, шүкіршілік!. Жаман дегенмен, ешкім жақсылап бермейді. Карантин болғанмен, құрбандық шалынуы керек».

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:  «- Мал да бар. Бірақ, кішкене қымбаттау. Малдардың бәрі.  Қаншаға алдыңыз? – Бір малды 50 мыңға алдым. Өткен жылдары осындай малдарды 40 мыңға алатын едік, 35 мыңға.»

Иә, мал бағасы сауапқа кенелем деп келгендердің сағын сындырып тұр. Қойдың құны мұнда 40-50 мыңнан жоғары кете береді. Ал саудагерлер табысымыз сонау алыс аймақтардан келгендегі жол шығынын жаппайды деп күйінеді.

АЗАМАТ АУҒАНБАЕВ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Осы Нұр-Сұлтан қаласына тоқты-қой әкелдік. Енді көріп тұрсыздар, блокпост қойып тастады. Халық кіре алмай жатыр. У-шу. Қасапшылар жетпей жатыр. Енді біз машинамен өзіміз тасып, сол жерге апара жатырмыз. Көрсетеміз, сол жерге апарамыз. Сүйретіп апарасың, кейбіреулерге ұнамайды. Мынау арық қой, өзіміз кіріп қарайықшы деп. Шұқып ұстап енді».

Пандемияға байланысты қолданысқа енген «онлайн құрбандықтың» мағынасы шариғаттағы өкілдік құрбандық деген ұғымға сәйкес келеді екен. «Сондағысы, адам баласы өз қолымен мал союға мүмкіндігі болмаған жағдайда, арнайы адамдардың қызметіне жүгінеді»,  дейді Бас мүфти Наурызбай қажы. Ал тұрғындардың сеніп тапсырған аманатын еріктілер төртке бөліп, жоқ-жітік отбасыларға жеткізуде.

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ: «Биыл мінекей, өкінішке орай індеттің жалғасуына байланысты тағы да сол «онлайн құрбандықты» ұйымдастыруға тура келді. Мұсылмандар діни басқармасынан арнайы штаб құрылды. Сол штабта жұмыс жасалады. Бұл құрбандықтың ерекшелігі – бұрындары құрбандық шалған кісілер өзінің құрбандық етінен алуға мүмкіндік болатын. Онлайн құрбандықта ондай мүмкіндік болмайды».

Айтпақшы, Мемлекет басшысы да құрбандық шалуда онлайн қызметті пайдаланаған. Президент күллі мұсылман жұртын ұлық мейраммен құттықтап, береке-бірлікке үндеп, мұқтаж жандарға қамқор болуға шақырды. Айта кетейік, бүінге дейін онлайн құрбандық қызметін 3000-ға жуық отандасымыз пайдаланған. Ал малдың етін алуға өтініш білдіргендер саны 7000-нан асып жығылады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button