ЖаңалықтарКадрлар кабинеті

Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды

0
(0)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ахметжан Смағұлұлы ЕСІМОВ 1950 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Ресей Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген.

1990-1992 жылдары – Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

1992-1994 жылдары – Алматы облысы әкімшілігінің басшысы.

1994-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

1996-1998 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы. 1998-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкмішілігінің басшысы, Бенилюкс елдеріндегі (Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі және Люксембург Ұлы Герцогтігі) Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі.

2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі.

2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі.

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметтерін атқарған. 2008-2015 жылдары – Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған.

2015 жылдың тамызынан – «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

2017 жылдан бастап 2021 жылғы наурыз айына дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. Экономика ғылымдарының докторы, «Құрмет белгісі», «Парасат», «Отан», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», «Сіңірген еңбегі үшін» кавалерлік крест ордендерімен, медальдармен марапатталған.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button