Атырау облысыЖаңалықтар

Атырау облысында тағы бір жер дауы туды

0
(0)

Атырау облысында тағы бір жер дауы туды, Тасқала ауылының 100-ден аса тұрғыны «ЭлитСтрой» ЖШС жеке компаниясының карьер жұмыстарын жүргізуіне қарсы болып, митингіге шықты, – деп хабарлайды «Ақ Жайық» порталы.

Портал мәліметінше, одан бөлек, ауыл маңында тағы екі карьер орналасқан. Оның бірі Иманғали Тасмағамбетов Атырау облысының әкімі болған кезінде жабылған. Екіншісі қараусыз қалған.

«Солай қолданып, бұл карьерді де қалдырып кетеді. Ешкім сұраған да жоқ, ешкім ескертпеді де. Бұл жерде адамдар тұрады ғой, бізден не үшін сұрамайды?», – деді зейнеткер Гүлсім Нәубетова.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, ірі жүк көліктері Тасқаладан Атырауға құм таси бастаған, тіпті олар өтетін көпірді қиратып үлгерген. Оларға құмды ауыл арқылы алып өтуге тыйым салынған, айналма жол белгіленген, алайда жүргізушілер бұл тыйымды елемейтін көрінеді.

«Карьер қоршаған ортаға ғана емес, адам денсаулығына да зиян келтіреді, келтіріп те жатыр. Жел соқса күнде осы, біз сол шаңмен демаламыз. Одан бөлек, мал жаятын орын да қысқарып қалды. Неліктен қоғамдық талқылау жүргізілмеді? Конституцияда жер халыққа тиесілі екені жазылған және біз өз жерімізді қорғаймыз!», – дейді ауыл тұрғыны Абай Уәли.

Ауыл тұрғындары наразылықтарын шенеуніктер мен жеке компания өкілдерімен кездесуде жеткізді. Кеңөзек ауылдық округінің әкімі Ернар Өтешқалиев «ЭлитСтрой» ЖШС компаниясының құжаттары заңға сәйкес екенін айтады.

«Жер бөлінерден бұрын құзырлы органдар оны зерттеп, жан-жақты тексеріс жүргізді», – дейді әкім.

Әкімнің сөзін ЖШС өкілі Ғаділбек Өмірзақов та, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орнына келген Қадыржан Арыстан да растап отыр.

«Бұл жерлерді жалға беру облыс әкімінің қаулысымен бекітілді. Біз өзгерте алмайтын нормативтік құжаттар бар, себебі оны тек орталық деңгейде жасауға болады. Біз Мәжіліс депутаттарынан елді мекендер маңында карьерлер қазуға тыйым салуды сұрауымыз керек. Бұл мәселені тек осылай шешеміз», – деді Арыстан.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары тілшіге арнайы құжатты көрсеткен, оған сәйкес былтыр қаңтарда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Тасқала ауылының маңында карьерлік жұмыстарды жүргізуге рұқсат берген. Ол облыс әкімінің сол кездегі орынбасары Айгүл Әжіғалиевпен, Айбек Крамбаевпен, Серік Қапеновпен, Ержан Абылхановпен, Әлібек Нәутиевпен және басқа да лауазымды тұлғалармен келісілген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button