Ауа райыЖаңалықтар

Сәрсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

0
(0)

«Қазгидромет» РМК сәрсенбі, яғни 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Түркістан, Жамбыл  облыстарының кей жерлерінде тұман, қатты дауыл күтіледі, желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай болғанда жел күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман,  көктайғақ болады,  жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қызылорда, күндіз Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button