«Халық» қайырымдылық қорының «Ел тірегі – Елбасы» акциясы басталды
2021 жыл Қазақстан үшін елеулі мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Елбасының көшбасшылығы, даналығы мен іргелі бастамаларының арқасында бірлігі жарасқан ел атандық. Бірлігі нығайған Қазақстан қай кезде де сынақтан сүрінбей өтті.
Әз-Наурыз мерекесінде «Халық» қоры азаматтық белсенділік танытып, «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» атты ірі науқанын қолға алды. Қор covid-19 пандемиясының және карантиндік шаралардың салдарынан қиын жағдайға тап болған аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасылар үшін азық-түлік жиынтығын сатып алды.
«Халық» қайырымдылық қоры 15 000-нан астам азық-түлік себетін ұйымдастырды. Әр себетте салмағы 50 келіден асатын азық-түлік бар. Қазіргі уақытта азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес еліміздің барлық өңірінде отбасыларға таратылып жатыр.
Пандемияның алғашқы күнінен бастап, бұл ел басына түкен сынақ екені белгілі. Осындай қиын-қыстау шақта ынтымақ пен бірліктің озық үлгісін көрсетіп, бір-бірімізге жанашыр боулымыз керек.
«Халық» қайырымдылық қоры кәсіпкерлер мен қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін бірігіп, «Ел тірегі – Елбасы»акциясын қолдауға шақырады.
Мұндай акция 2021 жылда бірнеше рет ұйыдастырылады деп жоспарлануда. Ел бірлігі дамудың сара жолы болып отыр. Сондықтан халықтың әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайын жақсарту әрбірімізге жүктелген міндет.