COVID-19 vs QazaqstanЖаңалықтар

10 күнде 9 мың адам: Елдегі коронавирус статистикасы қалай өзгереді?

0
(0)

Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Облыстардағы коронавирус індетін жұқтырып жатқан адамдар көбеймесе, азаймай тұр. Соңғы 10 күндегі еліміздегі коронавирус статистикасын назарларыңызға ұсынамыз. Сонымен қатар алдағы 10 күнде статистиканың қалай өзгеретініне Newsroom+Ақпарат агенттігінің тілшісі болжам жасады.

10 қараша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда 568 адамда коронавирус індеті расталды. Індетпен ауырғандар саны ең көп өңір – Шығыс Қазақстан облысы (237 адам). Ал ең аз облыс – Маңғыстау облысы (2 адам) мен Түркістан облысы (2 адам).

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 117 904 адам.

11 қараша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Сол тәулікте 587 адамнан коронавирус анықталды. Шығыс Қазақстан облысында – 231 адам тіркелсе, Қостанай облысында – 57 адам вирус жұқтырды. Ал коронавирус статистикасына сол күнге Маңғыстау облысында 1 ғана адам тіркелді.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 118 491 адам.

12 қараша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Елімізде 638 адам коронавирус індетін жұқтырды.

Аймақтар бойынша:
Шығыс Қазақстан облысы – 261;
Қостанай облысы – 53;
Нұр-Сұлтан қаласы – 51;
Маңғыстау облысы – 3;
Қызылорда облысы – 2;
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 119 129 адам.

13 қараша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда 704 адамда коронавирус індеті расталды. Індетпен ауырғандар саны ең көп өңір – Шығыс Қазақстан облысы (248), ал ең аз облыс – Маңғыстау облысы (1).
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 119 833 адам.

14 қараша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Сол тәулікте 630 адамнан коронавирус анықталды. Шығыс Қазақстан облысында – 236 адам тіркелсе, Солтүстік Қазақстан облысы – 54, Қостанай облысы – 52 адам вирус жұқтырды. Ал коронавирус статистикасына сол күні Маңғыстау облысын мен Түркістан облысында 1 ғана адам тіркелді.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 120 463 адам.

15 қараша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Елімізде 588 адам коронавирус індетін жұқтырды.
Аймақтар бойынша:
Шығыс Қазақстан облысы – 197;
Солтүстік Қазақстан облысы – 57;
Қостанай облысы – 51;
Жамбыл облысы – 5;
Түркістан облысы – 3;

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 121 051 адам.

16 қараша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда 602 адамда коронавирус індеті расталды. Індетпен ауырғандар саны ең көп өңір – Шығыс Қазақстан облысы (221), ал ең аз облыс – Қызылорда облысы (1).

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 121 653 адам.

17 қараша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Сол тәулікте 682 адамнан коронавирус анықталды. Шығыс Қазақстан облысында – 230 адам тіркелсе, Нұр-Сұлтан қаласында – 79, Солтүстік Қазақстан облысында – 74, Павлодар облысында – 61 адам коронавирус жұқтырды. Ал Маңғыстау облысы мен Түркістан облысында 2 адамнан ғана вирус расталды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 122 335 адам.

18 қараша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Еліміде 762 адам коронавирус індетін жұқтырды.

Аймақтар бойынша:
Шығыс Қазақстан облысы – 252 ;
Нұр-Сұлтан қаласы – 81;
Солтүстік Қазақстан облысы – 79;
Павлодар облысы – 65;
Ақтөбе облысы – 4;
Маңғыстау облысы – 2;
Түркістан облысы – 2;

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 123 097 адам.

19 қараша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстанда өткен тәулікте 791 адамда коронавирус індеті анықталған. Шығыс Қазақстан облысы – 242, Алматы қаласы – 91, Павлодар облысы – 85, Солтүстік Қазақстан облысы – 85 адам вирус жұқтырды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 123 888 адам.

Болжам

Байқасаңыздар, еліміздегі коронавирусты жұқтырып жатқандар саны біресе көбейіп, біресе азайып құбылып тұр. Десе де осы он күннің ішінде жалпы статистикадағы вирусты жұқтырғандар саны 7 рет көбейіп, 2 рет азайғаны белгілі болды.

10 қарашада 568 адам вирус жұқтырған болса, ертесіне одан 19, оның ертесіне 51, одан кейінгі күні 66 адам көп жұқтырды. Ал 14 қарашадан бастап 74, келесі күні 42 адамға азайды. 16 қарашада қайтадан вирус жұқтырғандар көбейіп кетті. Сол күні 602 адамның індетке шалдыққаны белгілі болса, келесі күні ол көрсеткіш 80, одан кейінгі күні тағы да 80, оның ертесіне 29 адамға артты.

Осы реттілік бойынша алдағы 10 күнде қанша адамның коронавирус індетін жұқтыратынын зерттеп көрдік. 19 қарашада – 791, 20 қарашада – 810, 21 қарашада – 861, 22 қарашада – 927, 23 қарашада – 853, 24 қарашада – 811, 25 қарашада – 825, 26 қарашада – 905, 27 қарашада – 985, 28 қарашада – 1 014 адамның коронавирус індетін жұқтыратыны белгілі болды. Ал жалпы 10 күнде 8 782 адам коронавирус статистикасына қосылады екен.

Бұл жай ғана болжам. Әркезде денсаулық сақтау министрлігі жариялаған статистикаға арқа сүйеріміз анық.

Мақсатымыз – келешекті болжап, адамдарды сақтандыру болды.

Ақмарал БЕРЕКЕТ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close