Жаңалықтар

Бесіктегі сәбидің кенеттен қайтыс болуы – қауіпті синдром туралы естідіңіз бе?

5
(3)

Кенеттен болатын нәресте өлімі синдромын бұрын соңды естідіңіз бе? Жаңа туған 10 мың нәрестенің төртеуі дәл осы синдромға шалдығады екен. Бұл қауіпті синдромның алдын алу үшін ұсынылатын кеңестерге мән берейік.

«Кенеттен болатын нәресте өлімі» синдромы бір жасқа дейінгі балалардың тыныс алу мүшесінің автоматты түрде тоқтап қалуымен байланысты. Көбіне, бала тәтті ұйқыда жатқанда орын алады. «Смерть в колыбели» деген атау да осыдан шыққан. Синдром диагнозы бала мәйітін тексерістен өткізгеннен кейін барып қойылады. Туғанынан жүрек ақауы, іш құрылысындағы түрлі инфекциялары бар балалар да дәл осы синдромға шалдығып жатады.

КБНӨ синдромына нақты не нәрсе әсер ететіні әлі де анықталған жоқ. Тексеріс кезінде синдромға шалдыққан балалардан гипоксия белгілері байқалады – организмде немесе жеке мүшелерде оттегі мөлшері аз.

Ғалымдар КБНӨ тудыруы мүмкін себептің екі түріне баса назар аударады:

Бірінші топ – туа біткен ерекшеліктері бар сәбилер. Салмағы аз немесе мерзімінен бұрын туған нәрестелер. Толыққанды тоғыз ай бойы жетіліп туатын балаларға қарағанда бұл синдром 6-7 айында туған балаларға өте қатты әсер етеді.

Екінші топ – сыртқы ортаның кесірі. Аналар сәбиін емізіп отырғанда олардың тыныс мүшесін бітеп тастауы мүмкін. Әсіресе мұндай жағдайлар түн уақытында көп кездеседі. Үй жануарларының да сәбиге тигізетін зияны бар. Әсіресе мысықты жолатпаңыз. Олар өте сезімтал. Сәбидің жанына келіп ұйықтағанда ұнатады. Кенеттен болатын нәресте өліміне сыртқы ортаның әсері де бар. Бірақ 55% туа біткен денсаулық ақауына байланысты.

АҚШ пен Италияда КБНӨ синдромынан жаңа туған 10 мың сәбидің 10-ы қайтыс болады екен. Ресей, Швеция және біздің елде қуанышқа орай көрсеткіш өте аз.

Баланың бұл синдромға шалдығуына:

  1. Жасқа толмаған, сүйектері қатаймаған сәбилердің дұрыс жатпауы
  2. Суық тиіп ауыруы – баланың тыныс алу мүшесіне кедергі болады
  3. Салмағы аз, шала туған сәбилердің ми жүйесінің қалыпты дамымауы
  4. Үйде шылым шегетін адамның болуы – иісі тұншықтыруы мүмкін

Анадан келетін қауіп:

  1. Жүкті кезінде шылым шегу
  2. Есірткі мен алкогольді қолдану
  3. Ерте жастағы жүктілік (16-18)

Нерәсте шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, оның жетілуіне ата-ана бар амалды жасау керек. Әсіресе, тілі шығып, жүре бастаған кезге дейін өте көп күтім керек. «Түн ұйқысын төрт бөлген» деген әдемі сөз бар. Ендеше, бар тамырын идіріп, туған сәбиінің түнгі ұйқысының дұрыс болуына да аса қатты мән беру керек. КБНӨ өте қауіпті, сирек кездесетін синдром.

Інжу ӨМІРЗАҚ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close