Жаңалықтар

Қасиетті Рамазан айында Мекке мен Мединадағы мешіттер алғаш рет бос қалады

0
(0)

Мұсылмандардың 11 ай сағына күтетін Ораза айы дүниені жайлаған індеттің кесірінен жабық күйінде қалмақ. Бұл туралы Сауд Аравиясының билік өкілдері осылай хабарлайды деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Tass.ru-ға сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша коронавирус індетінің көптеп таралуына байланысты құлшылық орындары Мекке мен Мединадағы мешіттер қасиетті Рамазан айында жабық тұрады. Бір ай бойы ішіп-жеуден тыйылған мұсылмандар қажылыққа барып, бес уақыт намаздары мен тарауих намазын мешітке барып оқи алмайды.
Қасиетті ораза айы биыл 24 сәуірден басталады.

Еске сала кетсек, 17 наурыздан бастап Сауд Аравиясындағы мешіттер жұмыстарын тоқтатқан болатын. Кейінен Меккедегі Үлкен және Медина қаласындағы Пайғамбар мешіттері белгісіз уақытқа жабылған еді.
Жылына бір келетін Рамазан айын күллі мұсылмандар асыға күтеді. Және ол кезде жер-жерден қасиетті саналатын Сауд Аравиясына құлшылыққа аттанады. Қасиетті Қағба маңындағы Аль-Харам мешіті 638 жылы салынған. Ал қазіргі мешіт болса 1570 жылдан бері белгілі. Кірпіші қаланғаннан бастап осы күнге дейін жұмысын тоқтатпаған қасиетті орын, тарихта алғашқы рет жабық тұрмақ.

Бүгінгі күні Сауд Аравиясында ауру жұқтырғандар саны 10,4 мың адам болса, оның 103-і қайтыс болған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close