Жаңалықтар

Жарты ғасыр бойы бір туфлимен жүрген патшайым

0
(0)

Бүгінде «патшайым» дегенде Ұлыбритания мемлекеті ойға түсетіні анық. Ол ең ұзақ уақыт бойы билік жүргізіп келе жатқан жалғыз патшайым. Оның толық аты Елизавета Александра Мария. Маңдайына ұзақ ғұмыр мен бармақтай бақ берген Елизавета ІІ десе де болады. Бүгін біз бала күнінен ақ сүйек болып өскенімен қарапайымдылығымен дараланатын Елизавета ІІ туралы қызықты мәліметтерді жариялайтын боламыз.

Ол Ұлыбритания патшалығынан бөлек 15 егемен мемлекеттерге патшайымдық статусына ие. Оның ең алғашқы рет өз халқын қолдау мақсатында радиодан ресми үндеу жолдаған. Ол кезде небәрі 14 жаста болған. Бүгінде Елизавета ІІ 94 жасқа толып отыр. Патшайымның жылына екі рет тойланатын туған күні бар. Бірі 21 сәуір, екіншісі маусым айында. Қарашаның суығында туылған әкесіне жылы мезгілде тойлау ұнағандықтан, жаз айында туған күн мерекесін атап өтеді.

Патшайым үлгілі отбасылардың бірі, ол әлі күнге дейін өмірлік серігімен қол ұстасып келе жатыр. Қазіргі күйеуіне ата-анасы қарсы болғанымен, өжеттігінің арқасында Филлипке тұрмысқа шығады. Және жетпіс жыл бірге бақытты ғұмыр кешуде.

Патшайымның ерекше қырларын айта кеткеніміз жөн. Ол жас кезінде техника жөндей білетін, қарумен ата білетін, суда өте керемет жүзе білген және құтқарушы сертификатын иемденген, көлікті еркін жүргізетін қабілеттері туралы айта кеткен жөн. Француз тілін еркін меңгерген. Өмірінде бір рет Джеймс Бондтың рөлін сомдаған актер Дэниел Крейгпен қысқа метражды фильмінде өзін сомдап ойнап шыққан.

Әйтсе де билік патшайымнан сол мансапқа лайықты болуын талап етеді. Елизавета ІІ өте сәнқой әйел және тек қана ашық түсті киімдерді киеді. Күйеуінен басқа оған ешкімнің қол тигізуіне рұқсат жоқ. Жеке төлқұжаты мен көлік жүргізуге құқығын айғақтайтын құжаты жоқ жалғыз адам. Себебі ол құжат өз атымен ғана беріледі. Салық төлеуден босатылғанымен 28 жылдан бері өз еркімен төлеп келеді.

Қызметіне кіріскеннен күні бүгінге дейін 3,5 миллионнан астам хатқа жауап беріп келген.
Ең бастысы патшайым жарты ғасырдан астам уақыттан бері бір үлгідегі аяқ киімді ғана киеді. Бағасы қымбат туфли болғандықтан, ұзақ уақыт кию үшін өкшесін жөндеп тұрады екен.

Қазіргі кезде англичандар ұлт лидерін ерекше жақсы көреді. Соған қарамастан отбасылық жағдайларына байланысты сынға да ұшырап отырады. Әсіресе келіні Диана Ханшайымның өлімінен соң, қоғам монархияға деген көзқарастарын өзгертті. Ұлы Уэльстік Чарльз бен үйленген Камила Паркер-Боулздың махаббаты көп уақыт жанжал тудырған болатын. Алайда, Елизавета патшайым ұлының бақыты үшін барлық этикеттерді ысырап тастап ұлының екінші некесіне өзінің ақ батасын берген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close