Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы үгіт-насихат плакаттарын жинау акциясын бастады

Бүгін 20 мыңға жуық партия мүшесі, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері мен «AMANAT» жақтастары үгіт материалдарын жинауға арналған ауқымды акцияға кірісті, деп Newsroom.kz хабарлайды.

«AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, бір айға созылған сайлау науқанында барлық саяси партия мен бірмандатты округтер бойынша кандидаттар үгіт-насихат жұмысын белсенді жүргізіп, бүкіл елімізде бірнеше миллион плакат жапсырған.

«Енді сол жапсырылған үгіт-насихат материалдарының барлығын жинап, тазалауымыз керек. Оларды қайта өңдеуге жіберуге болады. Бұл коммуналдық қызметтің жұмысын сәл де болса жеңілдетуге септеседі. Мұндай іс-шаралар қоғамға қоршаған ортаны ұқыпты ұстаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетіп, экологиялық мәдениеттің тұрақты моделін қалыптастыруға көмектеседі. Осы бастаманы партия Төрағасы Ерлан Қошанов жақында өткен «Халықпен бірге!» форумында айтқан болатын»,- деді Елнұр Бейсенбаев.

Айта кетейік, плакаттарды жинау жұмысы еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр. Бұл істен Атырау қаласындағы партиялықтары да шет қалмады. Белсенділер базарлардағы, сауда орталықтарындағы және тұрғын үйлердің аулаларындағы үгіт-насихат плакаттарын жинап жатыр.

«Қағаз қалдықтары бүкіләлемдік қоқыс көлемінде 4-ші орында тұр. Біз плакаттарды жинау жұмысын тек облыс орталығында ғана емес, жалпы облыс бойынша, аудандарда да жүргіземіз. Оларды макулатура қабылдау пункттеріне тапсырамыз», – деді «Жастар Рухы» Атырау облыстық филиалының төрағасы Абылай Құрметұлы.

Акцияға шымкенттіктер де қосылды. Онда қалалық саябақтар мен алаңдардағы стендтерден плакаттар алынып тасталады.

«Үгіт-насихат барысында партия мен жастар қанатының 580-ге жуық мүшесі 350 мыңнан астам материал таратты. Енді бәріміз соларды жинауға кірістік. Осылайша, қаламызда тазалықтың сақталуына өз үлесімізді қосамыз», – дейді «Жастар Рухы» ЖҚ-ның белсендісі Тұрсынбек Бақытжан.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.