Шағын грантқа 300 000 теңге беріледі

 436 

Волонтёр жылы аясында «Birgemiz: Taza Alem», «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобалары шағын гранттар байқауын жариялады.

Байқау мақсаты – жобаларды іске асыруға еліміздің азаматтарының қатысуын көбейту, экологияға және тарихи-мәдени мұраларға қатысты жобаларды іске асыруға мүмкіндік беру.

Байқау 2020 жылдың 23 сәуірі мен 23 мамыры аралығында өтеді.

Байқау аясында өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асыру үшін

300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде шағын грантқа ие болатын 136 жеңімпаз анықталады.

Аталмыш байқауға жеке тұлғалар, бастамашыл топтар, үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Байқауға волонтёрлік қызмет тәжірибесіне азаматтарды тарту үшін тиімді механизм мен жағымды жағдай жасау арқылы волонтерліктің жүйелі дамуына бағытталған «Birgemiz» Волонтер жылын өткізу концепциясына сай жобалар қабылданады.

Ұйымдастырушылар: «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен.

 Шара маңыздылығын ескере отырып, Сіздерден ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

 «Жас Ұлан»

бірыңғай балалар мен жасөспірімдер

ұйымының Баспасөз  қызметі

Қосымша ақпарат үшін: Серік Бағлан, 8 705 597 47 09

 Инстаграм: jasulan_qz

Бөлісу:


Және де: