Жаңалықтар

2030 жылға қарай су тапшылығы болуы мүмкін – Брекешев

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев 2030 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 23,2 текше шақырымды құрауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Newsroom.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2000 жылдары орташа көпжылдық өзен ағыны 120 текше шақырым болса, бүгінде ол – шамамен 102 текше шақырым.

«2030 жылға қарай өзен ағынының одан әрі 99,4 текше шақырымға дейін қысқарады деген болжам бар. Су ресурстарының азаюы және халықтың, экономиканың және экологияның қажеттіліктеріне су тарту өскен жағдайда Қазақстанда су тапшылығы 2030 жылға қарай 23,2 текше шақырымды құрауы мүмкін», – деді министр.

Серікқали Брекешевтің пікірінше, су ресурстарының азаюына бірқатар фактор әсер етеді: климаттың өзгеруі, судың республика аумағы бойынша біркелкі бөлінбеуі және тағы басқа.

«Су ресурстарына қатысты жағдай аймақтарда айтарлықтай өзгеруімен күрделене түседі. Елдің шығыс аймағы сумен барынша, ал Орталық Қазақстан ең аз қамтамасыз етілген. Көршілес елдерге ең тәуелді оңтүстік және батыс аймақтар. Су тапшылығы оңтүстік және батыс аймақтарға да көбірек әсер етеді. Бұдан басқа, су саласының ағымдағы жай-күйінің ең өзекті проблемалары ескірген инфрақұрылым және осыған байланысты үлкен шығындар, сапалы судың тапшылығы, тариф белгілеудің әлсіз тетігі, іргелес мемлекеттермен су бөлу мәселелері, су ресурстарын басқару кезінде қабылданатын шешімдерді әлсіз ғылыми сүйемелдеу және білікті кадрлардың жетіспеушілігі болып қалуда», – деді Серікқали Брекешев.

Министр бұл мәселені жасыл технологияның және мемлекеттік деңгейде шешу керегін атап өтті.

Айта кетейік, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының екінші бағыты «Үнемді Қазақстан» бойынша 401 арнаны реконструкциялау және 212 арнаны цифрландыру есебінен суару кезіндегі су ысырабын 4 текше шақырымға азайту жоспарланып отыр.

Ұлттық жобада суарылатын жерлерді 600 мың гектарға ұлғайту көзделеді. Қосымша суару көздерін құру үшін 2025 жылға дейін Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында су жинау көлемі 1,7 текше шақарымды құрайтын 9 жаңа су қоймасы салынады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.