Жаңалықтар

Қазақстанмен байланыс нығайып келеді – елші

Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Шубдаршини Трипати қазақстандық журналистермен кездесті, деп хабарлайды Newsrooms.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл қос мемлекет арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына 30 жыл, сондай-ақ Үндістан тәуелсіздігіне 75 жыл толған.

«Үндістан – Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі. Дипломатиялық байланыс 1992 жылғы 22 ақпанда орнатылды. Жоғары деңгейдегі сапарлар қос ел арасындағы байланысты жандандырды. Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди 2015 – 2017 жылдары Қазақстанға ресми сапармен келді. 2022 жылғы қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан-Орталық Азия саммитіне қатысты… Үндістан үшін Қазақстан – сенімді көрші», – деді Шубдаршини Трипати Астанада өткен жиында.

Кездесу барысында елші қос мемлекет арасында байланыс нығайып келе жатқанын атап өтті.

«Экономикалық және сауда байланысы тұрақты дамып келеді. Қазақстан – Үндістанның Орталық Азиядағы ірі сауда және инвестициялық әріптесі. Коронавирус пандемиясына қарамастан қос ел арасындағы тауар айналымы екінші жыл қатарынан 2 млрд доллардан асты», – деді ол.

Сондай-ақ Шубдаршини Трипати 2009 жылдан бері Үндістан мен Қазақстан қорғаныс саласы бойынша стратегиялық әріптес екенін жеткізді.

«2018 жылдан бастап Үндістан мен Қазақстан әскерлері Біріккен Ұлттар Ұйымының туы астында Ливанда бірге қызмет атқарып жатыр. 2015 жылы Үндістан академиялық топтарды және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын ынталандыру үшін Қазақстанда Param Bilim суперкомпьютерін енгізді», – деді елші.

Сонымен қатар ол қос ел білім, мәдениет және туризм саласында байланысты нығайтқанын атап өтті.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 5300-ден аса үнді студенті медициналық университеттерде білім алып жатыр.

Қазақстандық студенттер де «Үндістанда оқу» бағдарламасы негізінде ақпараттық технология, инженерлік іс мамандықтары бойынша Үндістандағы жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндігі бар.

«Үндістан қазақстандық жастар үшін стипендияның 2 түрін ұсынады: Үндістанның техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (ITEC) және Үндістанның мәдени байланыстар жөніндегі кеңесінің стипендиясы. ITEC бағдарламасы шеңберінде, Үндістан Қазақстанға ауыл шаруашылығы, банк ісі, заң, жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар, инженерия, қалалық жоспарлау, менеджмент және тағы басқа мамандық бойынша курстарды ұсынады», – Шубдаршини Трипати.

Биыл қарашада Нью-Дели қаласында Үндістан-Орталық Азия саммиті өтеді. Оның аясында Жастар делегациясы бағдарламасы ұйымдастырылады. Оған елімізде әртүрлі салада еңбек етіп жүрген 20 жас қатысады деп жоспарланып отыр.

Елші қазақстандықтар Гоа штаты мен Тәж-Махал кесенесіне жиі баратынын атап өтті.

«Үндістан туристерді қолжетімді медицина және сауықтыру туризмімен қызықтырады. Қазақстанның әсем жерлерін үнді киноиндустриясына ұсыну жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үнді халқына қазақстандықтардың қонақжайлылығы ұнайды», – деп түйіндеді сөзін ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.